Жеткіншек планшет үшін өзіне қол салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-ның Астрахань облысы Камызяк ауданының тергеу бөлімі 15 жастағы баланың өлімі бойынша тергеу жүргізуде. Алайда жасөспірім өз-өзіне қол жұмсағанға ұқсайтын көрінеді.

Жеткіншек планшет үшін өзіне қол салды

Сенбі күні бала өзінің 12 жастағы інісімен ойнап жүрген. Жасөспірім ойнап, інісінен планшетті алып қоймақ болған. Алтыншы сынып оқушысы сүйікті ойыншығын бергісі келмеген. Талас үстінде жеткіншек планшетті сындырып алған. Ол бұл туралы анасына айтқанда ол ұрысып, «ініңнің планшетін сындырсаң, өзіңдікін оған бересін, ал кешке әкең келіп мән-жайды анықтар» деп айтқан екен.

Тоғызыншы сынып оқушысы әкесі туралы айтқанда дұрыс түсінбей қалған көрінеді. Өйткені әкесі әскери болғандықтан, балаларын әскери тәртіппен тәрбиелеген.

- Ол Чурка өзеніне барған. Суда шомылып жүрген балалар жасөспірімді алдымен жағалауда жүргенін, кейін көпірге көтерілгенін көрген. 15 жастағы баланың 13 метрлік биіктіктен секіргенін олар көрмепті, ал өлі денесін жағалауда байқаған, - деді Астрахань облысы бойынша ТК ТБ жетекшісінің аға көмекшісі «КП» Андрей Хегай.

Бұл кезде анасы баласын іздеп жүрген. Суық хабарды оған ауылдастары жеткізіпті.