Жеткізбей кетеміз деген оймен тауда қар көшкінін тудырған екі шаңғышы тірідей көмілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық екі жас шаңғышы жігіт Альпы тауындағы жаттығу базасына таяу жерде қаза тапты. 20 жастағы Ронни Берлак пен 19 жастағы Брайс Астл АҚШ-тың шаңғыдан жастар құрамасының мүшесі болған, деп жазады Би-би-си.
Алдын ала болжам бойынша, олар жеткізбей кетеміз деген сеніммен айхайлап, қар көшкінін тудырған. Бірақ, осы желік сезім олардың түбіне жеткен.
Жергілікті биліктің айтуынша, бұл аймақта қар көшкіні болуы ықтимал деген ескерту жарияланған екен.