17:07, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Жетпіс төрт жастағы есірткі тасымалдаушы ұсталды
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Көліктегі ІІД Көкшетау стансасындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қырағылығының арқасында 2011 жылғы 14 сәуірде «Алматы- Свердловск» бағытындағы пойызымен Екатеринбург қаласына «героин» есірткі затын алып бара жатқан 74 жастағы қария ұсталды.
Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қария есірткі затты шағын полиэтилен пакеттеріне салып, күртеше белдемшесінің және жеңінің ішкі жағына ыңғайлап тігіп тастаған екен. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 407 грамды құрайды. Жасы жетпіс төртке келсе де, әлі күнге дейін ақыл тоқтатпаған қарияның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.