Жетісайда 60 отбасыға пәтер кілті берілді

ТҮРКІСТАН.KAZINFORM - Жетісай ауданында 60 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімдігі мәлім етті. 

Түркістан
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Бес қабаттан тұратын үйлердегі пәтерлер тұрғын үй кезегінде тұрған Ұлы Отан соғысының ардагері мен көпбалалы отбасыларға, І-ІІ топ мүгедектігі бар азаматтарға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де бюджеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға берілді»,- деп хабаралды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 90 үйді тапсыру көзделіп отыр.