Жетісай моноқалалар санатына қосыла ма

моноқала
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысының Жетісай қаласы моноқалалар санатына ене ме? Бұл сұраққа Жетісай ауданынының әкімі Серік Мамытов жауап берді, деп хабарлайды Кazinform.

Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Серік Мамытов Жетісай қаласы моноқалалар санатына халқының саны 60 мыңнан асқанда ғана енетіндігін мәлімдеді. Қазір тұрғындар саны оған жетпейді.

«Осы мәселені көпшілік сұрайды. Моноқала болу үшін қаладағы халықтың саны қателеспесем 60 мыңнан асуы керек. Қазір Жетісайда 47 мың халық бар. Ол үшін көбеюіміз керек», – деді Серік Мамытов.

Жалпы бүгінде ауданда өңірлік өнім көлемі 9 айдың қорытындысымен 102,1 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 млрд теңгеге жоғары.

Ауданда ауыл шаруашылығы саласының да әлеуеті жоғары. Есепті мерзім ішінде ауыл шаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 69,2 млрд теңгені құраған. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 5,4 млрд теңгеге жетіп отыр.

Жетісай қаласының аумағын ұлғайтуға 80 га жер бөлінген болатын. Бүгінгі күні онда көпсалалы заманауи оңалту орталығы мен сауда, ойын-сауық кешенінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар