Жетісайда келіншекті өлтірген күдіктіні қандай жаза күтіп тұр

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Жинақталған құжаттар ай соңында сотқа жолданады.

«ХАС» қаржы пирамидасының негізін қалаушылар алаяқтық үшін сотталды
Фото: Павлодар облысы прокуратурасы

Түркістан облысы полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, Жетісай ауданының жоғалған тұрғынын өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті, яғни жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Ол бірден қамауға алынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде болған. Бүгінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру және барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған басқа да қажетті іс-шаралар жүргізілуде.

- 28 қаңтар күні Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, өзімен бірге тұратын қызы үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалғанын хабарлаған. Хабарлама бойынша жан-жақты іздестіру шараларын атқарған полицейлер 8 ақпан күні жоғалған қыздың мәйітін тапқан.

Әлеуметтік желіде жарияланған келіншектің бейітін атпен таптады деген ақпарат пен мақалада көрсетілген жәбірленушіні күдікті қорқытып ақша алған, несие алдырған деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеу ісі жан-жақты, объективті түрде жүргізіліп, жинақталған құжаттар осы айдың соңына қарай сотқа жолданады. Күдікті әрекеті ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сараланған, - делінген ведомства ақпаратында. 

Ал, Жетісай ауданының прокуроры ҚР ҚПК-нің 24-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жан-жақты толық, объективті түрде жүргізіліліп жатқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, қылмыстық іс аудан прокуратурасының бақылауында екендігін жеткізді.

Айта кетейік, бұдан бұрын блогер Мұрат Әбділда қайтадан қамауға алынғандығын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар