Жетісайдағы жанар-жағармай бекетіндегі өрт үшін екі қызметкер 5 жылға сотталды
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM — Түркістан облысы Жетісай ауданының соты жанар жағар май автогаз құю бекетінде өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, нәтижесінде бекеттің оңтүстік шығысында тұрған екі адам өрт кесірінен ажал құшқан еді. Бас прокуратура екі қызметкерге қатысты үкім шыққанын хабарлады.

— Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы абайсызда 2 адамның өліміне алып келген сотталушылардың кінәлі екендерін дәлелдеді. 29.04.2025ж. сот өрт қауіпсіздік талаптарының ережелерін сақтамай, екі адамның өмірлерін алып кеткен қылмыс жасаған «JOL YRYSY» ЖШС-нің жүргізушісі және оның басқарушы директорына әрқайсысына 5 жылдан бас бостандығынан айыру жазаларын тағайындады, — делінген хабарламада.
Келтірілген моральдық және материалдық шығын ішінара өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, Астана прокуратурасы «Керуен» сауда, ойын-сауық орталығының жанындағы жер теліміне қатысты мәміленің заңдылығын тексеріп жатыр.