Жетісу облысы: Көктұмадан Достыққа дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісуда ауа райының қолайсыздығына байланысты Үшарал-Достық автожолы жабылды. Бұл туралы ҚазАвтаЖол ҰК хабарлады. 

Жетісу облысы: Көктұмадан Достыққа дейін көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

«2024 жылғы 27 қарашада сағат 16:30-да Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», - делінген хабарламада. 

Облыстық жол полициясы қызметкерлері де жүргізушілерге уақытша шектеуге сабырлықпен қарап, шыдамдылық танытуды сұрайды. Құбылмалы ауа райында жолға шығып, тәуекелге бармаңыз.

Еске салайық бұған дейін Жетісуда жол-көлік оқиғасының бір жылда шамамен 3 есе өскенін және Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты оқушылардың онлайн оқитынын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар