Жетісу облысы: Прокуратура 1,7 млрд теңгені талан-таражға салудың алдын алды

қаражат жымқырды
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Жетісу облысының прокуратурасы Сарқан ауданында сапасыз құрылыс пен жосықсыз жөндеу жұмысын жүргізуге жол берген тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды Kazinform.

Кезекті тексеру кезінде Сарқан қаласындағы 60 пәтерлі 2 тұрғын үйді салуға кіріскен компанияның құрылыс жұмысына сапасы төмен әрі сертификатталмаған материалдар қолданғаны анықталды. Осылайша прокурорлар үй салуға бөлінген 1 млрд 730 млн теңге бюджет қаражатын талан-таражға салуға жол бермеді.

Сондай-ақ компания мемлекеттік архитектуралық бақылау қызметіне құрылыстың басталғандығы туралы хабарлама да жолдамаған болып шықты. Яғни, құрылыс арнайы рұхсатсыз жүзеге асырылған.

Прокуратураның араласуынан кейін заң бұзу фактісі жойылып, заңсыздыққа жол берген 9 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Мұнан бөлек аудан бойынша тағы да осыған ұқсас бірнеше заң бұзу дерегі ашылды. Мәселен, Сарқан қаласының орталық алаңын қалпына келтіру кезінде және Алмалы ауылының мәдениет үйіне жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының барысында да өрескел қателік орын алған екен.

Прокуратура тарапынан енгізілген қадағалау актісі бойынша заң бұзушылық толығымен жойылды.

Соңғы жаңалықтар