14:37, 16 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Жетісу облысы: Үшарал- Достық автомобиль жолы ашылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысында республикалық маңызы бар автожолдардағы шектеу алынды.
2024 жылдың 16-шы желтоқсанында Астана уақыты бойынша сағат 08:00-де «Алматы-Өскемен» автожолының 480-615 шақырым аралығында (Көлбай ауылынан Абай облысы шекарасына дейін) көлік қозғалысы қайта жанданды. «ҚазАвтоЖол» сондай- ақ Үшарал-Достық жолынан да шектеу алынғанын мәлімдеді.
- 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 14:00-ден бастап Жетісу облысы бойынша «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) ашық - делінген хабарламада.
Еске салайық осыған дейін Алматы әуежайында рейстер әлі де кешігіп жатқанын және Маңғыстау облысында жолда қалып қойған 13 жүк көлігінің құтқарылғанын жазғанбыз.