Жетісу облысында 12 әлеуметтік жаңа нысан пайдалануға беріледі

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Биыл Жетісу облысының Ескелді ауданында 4 мектеп пен балабақша жөндеуден өтті. Бұл туралы өңір әкімі Бейбіт Исабаев Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесуі барысында айтты.

вывывзыа
Фото: Жетісу облысыының әкімдігі

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевтың сөзінше, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында биыл 12 жаңа нысанды іске қосу жоспарланған. Қазір оның 5-і пайдалануға берілді, қалған алтауының құрылысы желтоқсан айының соңына дейін аяқталады.

— Ешкіөлмес және Жаңалық ауылдарында 180 және 120 орынды екі жаңа мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Ал Қарабұлақ ауылындағы орта мектеп пен Елтай ауылындағы С. Сейфуллин атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Бюджетті нақтылау кезінде бұл екі жобаға да тиісті қаражат қарастырылады, — деп атап өтті Б. Исабаев.

 

аухзхщахзу
Фото: Жетісу облысының әкімдігі

Облыс басшысы денсаулық сақтау мәселесінде тілге тиек етті.

— Екпінді және Жаңалық ауылдарында екі блокты-модульді медициналық пункт салынды.Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақешкі ауылында да іске қосылады. Сол сияқты «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданда 5 нысан салынады, — деді ол.

Айтуынша, мәдениет саласы да назардан тыс қалмайды. «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қаратал ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, Қоңыр және Жалғызағаш ауылдарында блокты-модульді клуб қолданысқа берілді.

жавызавъх
Фото: Жетісу облысының әкімдігі
Соңғы жаңалықтар