Жетісу облысында 170 млн теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

жер
Фото: Александр Павский/Kazinform

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісу облысының прокурорлары Панфилов ауданындағы жалпы ауданы 155 га болатын 114 жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.

«Биыл мемлекетке барлығы 500 млн теңгеден астам сомаға 53 мың га жер қайтарылды»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар