Жетісу облысында 2,5 млн теңге алимент төлемей жүрген әке 1 жылға бас бостандығынан айырылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысында алимент төлемеген заңды өрескел бұзушы борышкер сотталды. Бұл туралы Жетісу облысының прокуратурасы мәлім етті. 

Алименты на 300 млн тенге взыскали прокуроры в Жамбылской области
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

«Сот үкімімен борышкер «T» кәмелетке толмаған екі баласын асырау үшін алимент төлеу жөніндегі міндеттерін үш жыл бойы орындамағандықтан 1 жыл мерзімге бас бостандығыннан айырылды. Оның алимент бойынша берешектері 2,5 млн теңгеден асып, бұл кәмелетке толмаған балаларды асырауда материалдық қиындықтарға әкелді», — делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі жүргізіліп, сотқа жолданды.

Тағы бір жағдайда, борышкер «M»-ға қатысты ісі сот талқылауы барысында 1 млн теңге көлеміндегі қарызын толық өтеуіне байланысты сотпен тоқтатылды.

Облыстық прокуратура алимент төлемегені үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Балаларға қамқорлық жасау — ата-ананың басты міндеті!

 

Соңғы жаңалықтар