Жетісу облысында 555 әйел жатыр мойыны обыры ауруымен есепте тұр

Денсаулық
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

ТАЛДЫҚОРҒАН.KAZINFORM – Былтыр Жетісу облысында жатыр мойны обыры дертіне шалдыққан 62 науқас жаңадан есепке алынған. Олардың 26-сы скрининг арқылы, қалғандары медициналық мекемелерге шағымдану кезінде анықталған.  Жалпы облыс бойынша осы дертпен ауырғандардың саны 555 науқасқа жеткен.

Жетісу облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым Оразбекованың айтуынша, өңірдегі жатыр мойыны обырымен ауыратын науқастың ең төменгі жасы - 22 жаста екен. Маман жатыр мойны обырының алдын алу үшін уақтылы тексерілуге және скринингты назардан тыс қалдырмауға шақырады.


– Скринингтің арқасында ауруды ерте сатысында анықтауға, тиімді емдеу шараларын қабылдауға және ауруды тудырмауға болады. Өткен жылы тексеруден өтуге тиіс 26 903 әйелдің 26 291-і жоспарлы скринингтен өтті. Келушілер саны 98 пайызға жуықтады. Соның арқасында 26 әйелде жатыр мойны обыры ерте сатысында анықталды. Скрининг бағдарламасы бойынша 600 әйелде қатерлі ісікке дейінгі патологиялар табылды. Бұл кезеңде барлық әйелдер емделеді, және толық қалпына келгенге дейін 1 жыл бойы мамандардың бақылауында болады, - дейді Жетісу облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары Гүлайым Оразбекова.

 

Соңғы жаңалықтар