12:35, 08 Қаңтар 2025 | GMT +5
Жетісу облысында Алтын Емел асуының жолы жабылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — «QazAvtoJol» ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысы аумағында жол қозғалысының шектелгенін мәлімдеді.

— Қарлы боран салдарынан 2025 жылы 8 қаңтарда сағат 03:30–ден бастап Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Сарыөзек — Көктал» 45-68 ш. (Алтын Емель асуы) учаскесінде көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ Жетісу облыстық полициця департаменті Аралтөбе, Онжас, Қаспан және Қарымсақ ауылдарына кірме жолдардың да жабылғанын хабарлады.
Еске салайық осыған дейін Жетісу облысында 5 көліктің қар құрсауында қалып қойғанын жаздық.
Сонымен қатар, Алматы әуежайында бірқатар рейстің кешігіп жатқанын жазғанбыз.