Жетісу облысында астық жинау науқаны басталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысында егін ору жұмыстары 8 шілдеде басталды. Қазір жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 25,4 мың гектар дәнді дақылдар орылып, 63,7 мың тонна астық бастырылды. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Астық ору
Фото: Дмитрий Ерофеев

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, осы жылы облыста 956 мың тонна дәнді дақылдар жинау жоспарланып отыр.

Астық
Фото: Дмитрий Ерофеев

Өнімді тазалауға арналған машиналармен қамтылған 92 қырман және өнімді сақтауға сыйымдылығы 713,5 мың тоннаға арналған 487 қойма бар. Сонымен қатар, астықты жинауға 1139 дана комбайн жұмылдырылып отыр. 

Астық
Фото: Дмитрий Ерофеев
Соңғы жаңалықтар