Жетісу облысында баланы көлігімен қағып кеткен жүргізуші сотталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы көлігімен қағып кеткен жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты.
Жетісу облысы Ескелді аудандық сотында абайсызда адамның өліміне әкеп соққан автомобиль басқарушы адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі) қылмыстық іс қаралды.
Сот өткен жылдың 2 қараша күні кешкі сағат 8 шамасында Ескелді ауданы Биғаш ауылының Боранбаев көшесінде автокөлікті басқарған сотталушы Б. сол сәтте көшені кесіп өткен кәмелетке толмаған Т.-ны қағып кеткенін анықтады. Алған жарақаттарынан кәмелетке толмаған жәбірленуші сол жерде қайтыс болған.
Прокурор 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.
Сотта сотталушы кінәсін толық мойындаған және өкінген, анасы мен әкесі (жәбірленуші) оны кешіріп, моральдық және материалдық зиян толығымен өтелгенін, сотталушыға ешқандай талап қойматынын, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
«Айыпталған әрекетті жасағаны үшін баптың санкциясы белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалауды көздейді.
Сот ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын және кінәсін толық мойындауын, жасаған ісіне шын жүректен өкінуін, алғаш рет қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын, моральдық және материалдық зиянның орнын толтыруын, сотталушының асырауында бес кәмелетке толмаған баланың болуын, оның үшеуі кәмелетке толмағанын, олар үшін ол жалғыз асыраушы болып табылатынын, жаза тағайындау туралы тиісті өтініш түскен жәбірленушілердің ұстанымдарын ескеріп және бас бостандығынан айыруға байланысты емес сот ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, Б.-ны Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды және 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады», - деп хабарлады Жетісу облысы Ескелді аудандық сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.