Жетісу облысында биыл 330 өрт оқиғасы тіркелді
Бұрнағы кезеңмен салыстырғанда өңірдегі өрт қауіпсіздігі іс-шаралары жақсарып, оқыс оқиғалар саны 45 пайызға азайғанымен, ахуал тұрғындарды әлі де алаңдатып отыр, деп хабарлайды Kazinform.
Өңірдің өрт сөндірушілері жыл басынан 330 рет дабыл белгісін қабылдаған. От қауіпі негізінен тұрғын үйлерден шығып отыр. Қызыл жалынға оранған ошақтардың 73 пайызы жеке сектордан екен. Дерек бойынша, осы жылда 241 өрт оқиғасынан тұрғындар зардап шеккен. Салдарынан 1 адам көз жұмып, тағы бір тұрғын ауыр жарақат алған болатын.
«Тілсіз жау салдарынан Қаратал ауданында 1 адам ауыр жарақат алып, Талдықорған қаласында 1 адам қаза тапты. Ал пешті жылытуды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары орындалмай, көмірқышқыл газымен уланудың 7 оқиғасы тіркеліп, 23 адам зардап шеккен. Оқиға саны 2022 жылғы жылыту кезеңімен салыстырғанда 7 есе көп», — дейді Жетісу облысы мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы, азаматтық қорғау подполковнигі Сергей Огай.