Жетісу облысында білім бөлімінің есепшісі қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Жетісу облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру фактілерін тексеріп жатыр, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

прокуратура
Фото: gov.kz

Мәселен, Жетісу облысы Кербұлақ ауданының білім бөлімінің есепшісі мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысын жоғарылатып заңсыз төлеп, сондай-ақ мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға 34 миллион теңге жалақы төлеп, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Екінші бір жағдайда Сарқан ауданының әкімдігі туристік орындардағы орнатылмаған санитарлық-гигиеналық тораптар үшін 29 миллион теңгеден астам ақша төлеген.

Осы фактілер бойынша Жетісу облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (ерекше ірі көлемдегі жымқыру ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

«Бұл баптың санкциясында белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,-делінген Жетісу облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар