Жетісу облысында бірнеше мәрте алаяқтық жасаған әйел сотталды
АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысының тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Полиция бірнеше рет жасаған алаяқты Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен ұстады.
— 2 жыл бойы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел халықтың сеніміне ие болып, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмегін ұсынды. 13 адам алаяқтың құрбаны болды, оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асты, — делінген хабарламада.
Жетісу облысы прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде орын алған мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жетісу облысында ерекше балаларға арналған тұңғыш иппотерапия орталығы ашылды.