14:25, 15 Қаңтар 2024 | GMT +5
Жетісу облысында деструктивті діни ағым өкілі есірткімен ұсталды
Жетісу облысының полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен арнайы құқықтық шара жүргізді, деп хабарлайды Kazinform.
Нәтижесінде есірткі тасымалдаумен айналысқан Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді.
- Ер адамның деструктивті діни ағымның жақтаушысы екені анықталды. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.
Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 кг 722 грамм болатын марихуана екенін көрсетті.