Жетісу облысында қаза болған құтқарушының отбасына тиісті көмек беріліп жатыр - ТЖМ
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Жетісу облысында құтқару операциясы кезінде қаза болған қызметкердің отбасына тиісті көмек беріліп жатқанын айтты.
- Біздің құтқарушы Жетісу облысының тұрғынын құтқару кезінде қаза тапты. Қазір көктемде мұздың еруіне қарамастан, ол (балықшы) тыңдамай барған. Осының салдарынан біздің құтқарушы өзінің міндетін атқару барысында суға кетті, - деді К.Тұрсынбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, ведомство жағынан құтқарушының отбасына тиісті көмек беріліп жатыр.
Еске салсақ, жақында Жетісу облысының Панфилов ауданында Алтынкөл көлінде жүргізілген құтқару операциясы кезінде өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Дамир Таранов қаза тапты.
ТЖД хабарлағандай, 2026 жылдың 7 наурызында қызмет пультіне Атамекен ауылдық округіндегі Алтынкөл көлінде балық аулау кезінде мұз жарылғаны туралы хабар түскен. Нәтижесінде бір ер адам сынып, бөлінген мұзда қалып, су қоймасының ортасына ағып кеткен. Құтқару операциясы кезінде мұз тағы да жарылып, қайғылы жағдай болған.