15:55, 24 Қараша 2024 | GMT +5
Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. KAZINFORM - Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы ҚазАвтоЖол хабарлады.
![Фото: Есенжол Исабек Фото: Есенжол Исабек](/static/img/plug.webp)
«2024 жылғы 24 қарашада сағат 15:30–да Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма стансасынан Достық ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», — делінген хабарламада.
Еске салсақ, 22 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты тағы үш өңірде, атап айтқанда Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылған еді. Ертеңінде ауа райы қалпына келгенде жол қайта ашылды.