Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА.KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу енгізілгенін хабарлады.
- 2025 жылғы 01 қантарда сағат 02:30-де Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Өскемен» автожолының 124-287 шақырым аралығындағы учаскеде (Алматы облысы шекарасынан Талдықорған қаласына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, - делінген хабарламада.
Жолды 1 қантар сағат 08:30-де ашу жоспарланған.
«ҚазАвтоЖол» 2025 жылы жөндеуден өтетін республикалық жолдарды атағанын жазған болатынбыз.