Жетісу облысында көмірге бөлінген қаржыны жымқырғаны үшін кәсіпорын басшысы 7 жылға сотталды

ЖЕТІСУ.KAZINFORM — Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы жергілікті прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті. 

прокуратура
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

«Сот үкімімен «Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды» - делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, сотты болған экс басшы көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты өзге коммуналдық кәсіпорын басшысымен бірлесіп, аффилиирленген компания арқылы рәсімдеген. 

Аталған факт арнайы прокурорлардың тексерісі нәтижесінде анықталып, тергеп-тексерілді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар