Жетісу облысында мектептерде берілмеген тамақ үшін 20 млн ақша төленген

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысында прокурорлар мектептерде тамақтануға негізсіз төленген қаражатты анықтады.

прокуратура
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

Прокурорлар жергілікті мектептерде тамақтану үшін жеткізушілерге жалпы көлемі 20 миллион теңгеден асатын қаржыны негізсіз төлеу фактілерін анықтаған.

«Көксу ауданында 2023 жылдың 13-15 желтоқсаны аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылған болатын. Алайда білім беру мекемесі жеткізушіге көрсетілген күндерде ұсынылмаған тамақтану қызметі үшін 4 миллион теңгеден астам қаражат төлеген», — делінген прокуратура хабарламасында.

Ұқсас заң бұзушылықтар облыстағы барлық мектептерде анықталған.

Осы анықталған бұзушылықтар бойынша залалды өтеу туралы қадағалау актілері енгізілді.

Соңғы жаңалықтар