Жетісу облысында өртеніп жатқан пәтерден екі бала құтқарылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Жетісулық құтқарушылар өртеніп жатқан пәтерден екі баланы құтқарды.

 Жетісу облысында өртеніп жатқан пәтерден екі бала құтқарылды
Фото: видеодан кадр

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 7 наурыз күні сағат 10:18-де Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Қабылданған шаралар барысында баспалдақ маршы арқылы екі азамат құтқарылды. Үш тізелі баспалдақ арқылы екі бала құтқарылып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне тапсырылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Өрт сөндіру бөлімдері келгенге дейін 40 азамат, оның ішінде 16 бала тұрғын үйден өз бетінше эвакуацияланған. 20 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 10:57-де сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар