Жетісу облысында пойыз кенеттен жолға шыққан кісіні басып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Бөгде адамның темір жол бойына кенеттен шыға келуіне байланысты машинист шұғыл тежеуді қолданған. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Жетісу облысында пойыз кісіні басып кетті
Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

— 6 тамызда сағат 19-52-де Қарабұлақ — Тентек аралығында машинист бөгде адамның темір жолға кенеттен шыға келуіне байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Қашықтықтың қысқалығынан басудың алдын алу мүмкін болмады, — делінген хабарламада.

ҚТЖ азаматтарды өте мұқият болуға және темір жолдардың жанында болу ережелерін сақтауға шақырады.

— Рұқсат етілмеген жерлерде жолдарды кесіп өту қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске саламыз, — деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Семейде жолдан өтпек болған әйелді пойыз басып кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар