Жетісу облысында республикалық маңызы бар жол жабылды

Жетісу облысында жол жөндеу жұмыстарына байланысты «Сарыөзек – Көктал» республикалық маңызы бар автожол учаскесі барлық көліктер үшін уақытша жабылды, деп хабарлайды Kazinform.

жол
Фото: Pixabay

«12 қазан 06:00-ден бастап асфальт төсеу жұмыстарына байланысты „Сарыөзек — Көктал“ республикалық маңызы бар автожол учаскесінде (45-68 шақырым) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабық», - деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалынан.

Осыған байланысты Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті көлік жүргізушілерінен аталған бағытта жол жүрмей, бағдарын алдын ала өзгертуді, сондай-ақ 112 жіберетін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Айта кетейік, Жетісу облысында Көктұма елді мекенінен Жалаңашкөл көліне дейінгі республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолының кезекті учаскесі пайдалануға берілді.

Реконструкция аясында күре жол III техникалық санаттан II санатқа ауыстырылды.

Бұл жолдың өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік бермек.