Жетісу облысында жастарға арнайы грант тағайындалады

грант
Фото: «Жастар» ҒЗО

АСТАНА. KAZINFORM - Жетісу облысының жастарына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына байқау жарияланды. 

Жобаның басты мақсаты – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.

Жастар келесі 5 бағыт бойынша грант иегері атана алады: мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және ақпараттық технологиялар.

Аталған бағыттар бойынша байқауға облыстың 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ағымдағы жылғы 2 сәуір мен 2 маусым аралығында электрондық нұсқада [email protected] поштасы арқылы қабылданады.

Қосымша ақпарат пен сұрақтар туындаған жағдайда, байланыс телефоны: 8 (7282) 404-404 (сағат 9.00.-18.00. дейін)

Соңғы жаңалықтар