Жетісу облысында жеңіл көлік өртеніп кетті

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ Жетісу облысында жеңіл көлік өртеніп кеткенін хабарлады.

Көлік өрті
Фото: ТЖМ

Жетісу облысының өрт сөндірушілері автокөліктің жануын сөндірді.

«Бүгін Талдықорған қаласында жеңіл автокөліктің мотор бөлшектері жануы орын алды.

ТЖМ күштерімен өрт шақырту түскен сәттен бастап 13 минут ішінде ауыздықталды», — деп жазды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда112 телефонына хабарласыңыз.