Жетісу облысында жоғалған малшы табылды

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ. KAZINFORM – Жетісу облысында жоғалған малшы вагон ішінен табылды.

малшы
Фото: Облыстық ТЖД

Алакөл ауданы Бұлақты ауылының маңында 1959 жылы туған Қытай халық Республикасы азаматын іздестіру жұмыстары жүргізілген болатын. Ол сағат 05:00-де мал жаюға шығып, жоғалып кеткен.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылар мен полиция қызметкерлері дереу шықты. Сағат 17:35-те малшы Бұлақты ауылының маңында орналасқан теміржолдың рельстерінде тұрған вагонның ішінен табылды. Азаматтың қолы мен аяғы үсіп қалған. Полиция қызметкерлері күштерімен Үшарал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», - облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.