Жетісу облысында жол апатынан бір адам мерт болды

Оқиға Ақсу ауданындағы Көлтабан-Матай тас жолында болды. Ауылдық жолдың 50 шақырымында 63 жастағы жүргізуші Mitsubishi Montero Sport көлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалған, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. 

көлік апаты
Фото: Полиция.кз

Оқиға орнынан екі ер адам ауруханаға жеткізілді, олардың біреуі ауруханада көз жұмды.

ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен жүргізушінің рөлді басқара алмай қалуының себебі анықталуда.