Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды

Жол-көлік оқиғасы
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды, деп хабарлайды Kazinform.

Аталған көлік кенеттен жолға шауып шыққан жылқымен соқтығысқан. 

Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. 

Қазіргі уақытта полицейлер жануардың иесін анықтауға кірісіп кетті. 

Соңғы жаңалықтар