Жетісу облысында жүк көліктері соқтығысып, 16 көлік жанып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша,  бүгін 23 тамызда сағат 18:15 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының 278 -шақырымында  жол-көлік оқиғасы болды.

Жетісу облысы ПД
Фото: Жетісу облысы ПД

Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған. 

Жетісу облысы ПД
Фото: Жетісу облысы ПД

«Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері өрт сөндіріп жатыр. Оқиға себебі анықталып жатыр», - дейді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл соңғы үш күнде адам өлімімен аяқталған 4-жол көлік оқиғасы. 

Бұған дейін Жетісу облысында медициналық ұйымдарға 29 жаңа көлік берілгенін жазған болатынбыз.

Жетісу облысы ПД
Фото: Жетісу облысы ПД
Соңғы жаңалықтар