Жетісу облысындағы Ақсу, Көксу қант зауыттары қызылша қабылдауды бастады

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ. KAZINFORM –Биыл Жетісуда 13,7 мың гектарға қант қызылшасы егілді. Өңірдегі екі зауыт сол алқаптан жиналатын өнімді өңдеу жұмыстарына кірісті.

қант қызылшасы
Фото: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков
қант қызылшасы
Фото: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков

Жоспар бойынша 615 мың тонна тәтті түбірден 67 мың тонна қызылша қантын және 30 мың тонна құрғақ қант өндірілмек - деп хабарлады Жетісу облысы әкімінің баспасөзі.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасының мәліметінше Жетісу облысы бойынша 597 шаруа қожалығы қант қызылшасын өсірумен айналысады. Оның 193 шаруа қожалығы Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарында. Үш ауданнан жеткізілетін өнімнен Ақсу қант зауыты 40 мың тонна қант өндіруді жоспарлап отыр. Ал, Көксу қант зауытына шикізат Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласынан жеткізіледі. Жоспар 57 мың тонна болмақ.

қант қызылшасы
Фото: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков

«Қызылшаны сатып алу бағасы мемлекеттен 25 мың теңге, қант зауытынан 15 мың теңге, яғни тоннасына 40 мың теңге төленеді», - дейді облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев.

Жетісуда қант өнеркәсібін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Биыл 14 мың гектарға жуық даладан тәтті түбір жиналса, келесі жылы егіс алқабын 15 мың гектарға дейін жеткізу жоспарда бар.

қант қызылшасы
Фото: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков

Еске сала кетейік бұған дейін Қазақстан бойынша қанттың орташа бағасын жазған болатынбыз.

қант қызылшасы
Фото: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков
қант қызылшасы
Фото: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков

 

 

Соңғы жаңалықтар