Жетісу облысының құтқарушылары балықшыға көмек көрсетті

Жетісу облысының құтқарушылары балықшыға көмек көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

"Ырғайты өзенінің жағасында адам жартастан құлап, арқасынан түрлі жарақаттар алып, өздігінен шыға алмады.

Оқиға орнына ТЖД Жедел - құтқару жасағының құтқарушылары дереу жол тартты.

Құтқарушылар оны зембілмен жартасты, таулы жерлермен жаяу тасыды", - деп жазды ТЖМ-нан.

Ведомство су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.