Жетісу облысының полициясы Талдықорғандағы «атысқа» қатысты түсініктеме берді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Талдықорғанның орталығында жасөспірімдер оқ атты деген ақпарат тарады. Жетісу облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

Төбелес
Фото: Еgovpress

Telegram арналарының бірінде оқиға орнынан бірнеше ер адам мен полиция қызметкерінің суреті пайда болды.

«Талдықорғандық жасөспірімдер қала орталығында көңілді атыс ұйымдастырды», - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адамдар төбелескен.

«Полиция қызметкерлері төбелескендерді анықтады. Зардап шеккендер жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп атап өтті облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.