Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысы әкімінің өкімімен Асқар Маратұлы Садықов Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Асқар Маратұлы Садықов 1981 жылы туған. Жоғары білімді. Қазақ ұлттық медицина университетін уролог дәрігер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институтында урология мамандығы бойынша ординатурада бастады.

Әр жылдарда Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үролог дәрігер, «Академик Б. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы» АҚ кіші ғылыми қызметкері, уролог дәрігері, операция блогының меңгерушісі, жалпы урология бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, «Астана қаласындағы ұлттық ғылыми медициналық орталығы» АҚ урология, хрирургия бөлімдерінің уролог дәрігері, «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК урология бөлімінің меңгерушісі, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, «Көксу ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қыркүйегінен «Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры болған.

Айта кетейік, Жетісу облысы әкімінің өкімімен Арман Жансеңгіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Семей қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалғанын хабарладық.

Соңғы жаңалықтар