Жетісуда 3 күннің ішінде 20 мал иесі жауапкершілікке тартылды

досудебное расследование, полиция
Фото: Kazinform

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM —  Жетісу полицейлері профилактикалық іс-шара аясында 3 күннің ішінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережесін бұзған 20 мал иесін жауапкершілікке тартты. 

Полиция қызметкерлері 3 күн ішінде мал жаю мен тасымалдау ережелерін бұзудың 40-тан астам фактісін анықтады. Облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері осы күндері мал жаю ережелерінің бұзушылықтарын анықтау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.  Себебі қараусыз, бос жүрген жануарлар жол апатына жиі себепкер болады.

– Небәрі 3 күннің ішінде 20 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 12-сі Панфилов ауданы бойынша, – деп мәлімет берді Жетісу облысы ПД ППБ командирінің м.а. Абылай Беркендіков.

Сонымен қатар үй жануарларына жарық шағылыстыратын элементтерді тағу, сондай-ақ тас жолдар маңында мал жаюға жол бермеу жөнінде тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Соңғы жаңалықтар