Жетісуда 8 мектепте еңбек заңнамасы бұзылған

АСТАНА. KAZINFORM — Жетісуда 798 мұғалімнің еңбек құқығына қатысты заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Текелі қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ауыл оқушылары енді ЖИ көмегімен білім алады: жоба 2,6 мың мектепті қамтиды
Фото: Үкімет

Текелі қаласының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде 798 қызметкердің еңбек құқықтарына қатысты заң бұзушылықтар анықталды.

— Атап айтқанда, қаланың 8 мектебінің ұжымдық шарттары Еңбек кодексінің талаптарына толық сәйкес келмеген. Оларда қызметкерді жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысынан кері шақырып алған жағдайда, пайдаланылмаған демалыс бөлігінің өтемақысын төлеу туралы ережелер көзделмеген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылды. Ұжымдық шарттар заңнама талаптарына сәйкестендіріліп, тиісті кепілдіктер енгізілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бұдан бұрын ел мектептерінде 5000-нан астам мұғалім жетіспейтінін жазғанбыз.