Жетісу облысында бұрын-соңды болмаған аяз тұр

ТАЛДЫҚОРҒАН.KAZINFORM — Облыстағы елді мекендерде күннің суытуына байланысты және сыныптарда сабақтарды тоқтату үшін температуралық көрсеткішті ескере отырып, облыстағы кейбір елді мекендерде 0-4 сыныптарда 19 ақпан күні сабақ онлайн оқу форматына ауыстырылды.

мороз
Фото: gov.kz

«Ауа температурасына байланысты сабақтарды тоқтату үшін:

— 25-29 және одан төмен 2-4 м/с 0-4 сынып
— 25-29 және одан төмен 5 м/с және одан жоғары 0-9 сынып
— 30-34 және одан төмен 2-4 м/с 0-9 сынып
— 30-34 және одан төмен 5 м/с және одан жоғары 0-11 (12) сыныптар

Колледждердің 1,2 курстар үшін — 35 болған жағдайда, одан төмен 2 м/с және одан жоғары болған жағдайда 0-11 (12) сыныптар, колледждерде 1,2 курстар үшін сабақ онлайн болады.

«Интернаттық білім беру ұйымдарында ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату білім алушылардың тұру үшін жағдайларын ескере отырып жүргізіледі», - дейді облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Температуралық режимге байланысты қай елді мекендерде мектептердің бастауыш сыныптары онлайн форматқа көшетіндігін, жергілікті білім бөлімдері анықтап, бұйрық шығарып, ата-аналарға хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар