Жетісуда мал өсірем деген инвесторға үш жыл бойы жайылым бермей қойған

жайылым
Фото: Pexels

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды мал өсіру үшін жер телімін ала алмаған.

Бұл — жер заңнамасына қайшы.

Жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімін беруден бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімі беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Инвесторлардың құқығын қорғау — прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі.

Инвесторлардың дабылдарына жедел ден қою мақсатында фронт-офис құрылып, Жетісу облыстық прокуратурасының мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны 8-701-131-04-44).

Соңғы жаңалықтар