Жетісуда шетелдіктер ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZNFORM - Полиция, прокуратура мен Ұлттық қауіпсізік комитетінің облыстық департаменті өкілдерімен бірлесіп, Ескелді ауданында синтетикалық есірткі шығаратын жасырын зертхананы жойды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Екі шетелдік заңсыз өндіріс ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген. Тінту барысында есірткі дайындайтын жабдықтар, 6,4 келіден астам мефедрон және әрі қарайғы өндіріс үшін прекурсорлардың қалдықтары бар 200 литрлік реактор табылды.
Шетелдіктер мен олардың астаналық сыбайласы қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар басқа да адамдарды анықтау шаралары жалғасуда.
Осыған дейін Қазақстанда есірткіге тәуелділердің деректер базасы құрылатыны туралы хабарладық.