Жетісуда вагоннан күкірт қышқылы төгілгенде эвакуацияланған 46 адам үйіне оралды
КЕРБҰЛАҚ. KAZINFORM — Жетісу облысы Кербұлақ ауданында 46 адам, оның ішінде 18 бала үйлеріне оралды.
Еске сала кетейік, бүгін Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылы аққан еді.
Вагон-цистернаны салқындатып, осындағы 10 үйде тұратын 46 адам эвакуацияланған.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазір вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге — 1 шақырым қашықтыққа сүйрелген.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеу жүргізіп, сынаманың қалыпты шекте екенін анықтады.
Кербұлақ ауданының РХЗ қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізіп жатыр.