Жетісуға былтыр 2 млн турист келген

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM - Жетісуға былтыр 2 млн турист келген. Сондай-ақ, облыста 3,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, туризм саласында 17 жаңа нысан іске қосылған. 

туризм
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы, өңірде туризм саласын дамыту 5 дестинацияға негізделген. Бұл – Алакөл, Балқаш көлдері, «Алтынемел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауының тау алабы.

туризм
Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Облыс туризмін ілгерілету үшін 2023 жылы «Сиверс алма ағашының гүлдеуі фестивалі», «Шаған Fest», «Көксу Water Fest», «Алтынемел – құландар мекені» сияқты 30-дан астам іс-шара өткізілді. Аталған іс-шаралар жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Сондай-ақ турбизнес, масс-медиа өкілдері үшін өңірдің туристік мүмкіндіктерін насихаттау, таныту және туристерді тарту үшін 6 ақпараттық тур өткізілді. Осы жылы да фестивальдар, роуд-шоулар, түрлі ақпараттық турлар өткізу, сондай-ақ туристік көрмелерге, оның ішінде халықаралық көрмелерге қатысу жоспарланған», - дейді басқарма өкілдері.

демалыс
Фото: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, биыл Жетісу облысында туризмді дамыту бойынша мастер-жоспар әзірленеді.

Мастер-жоспарда туристік әлеуетті талдау, әрбір перспективалы орындар мен объектілер бойынша туризмнің жаңа өсу нүктелерін ашу, инженерлік, жол инфрақұрылымын кешенді дамыту, дамудың жаңа перспективалық нүктелерін қалыптастыру, деректерді цифрландыру, туристік навигацияны дамыту жөніндегі жұмыстар ескерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар