Жетісулық прокурорлар лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады

ЖЕТІСУ. KAZINFORM – Қазіргі уақытта 3 адамға қатысты тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Жетісулық прокурорлар лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады
Фото: прокуратура Костанайской области

«Заң және Тәртіп» идеологиясын бекіту аясыңда, Жетісу облысының арнайы прокурорлары Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

2020 жылдың наурыз айында мемлекеттік сатып алулар аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ЖШС-мен саябақты жөндеу бойынша 1 млрд 92 млн теңге көлемінде жұмыс жүргізу туралы келісім-шартқа отырған.

Бюджет кодексінің 97-бабының 6-тармағының талаптарына қайшы, тапсырыс беруші мердігердің пайдасына төлемдерді жүзеге асыру кезінде міндеттемелердің толықтығын қамтамасыз етпеген. Соның салдарынан мердігер құрылыс жұмыстарын толық аяқтамай, мемлекетке келтірілген шығын көлемі 37 млн теңге болды, - делінген хабарламада.

Материалдық залал мемлекетке толығымен өтелді.

Еске салсақ, ШҚО-да заңбұзушылық туралы прокуратураға хабарламаған басшы сотталған еді.

Соңғы жаңалықтар