Жетісулық тұрғын алаяқтарға беріп қойған ақшасын қайтарып алды

АСТАНА. KAZINFORM — Жетісу облысының полициясы жергілікті тұрғынның алаяқтарға беріп қойған ақшасын қайтарып берді.

Полиция Казахстана переведена на усиление
Фото: polisia.kz

- Альфия Досанхан интернет-алаяқтардың арбауына түсіп, 1,9 млн теңгесінен айырылып қалды.

Алайда, полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында жәбірленушінің қаражаты толықтай қайтарылды, деп жазды ведомстводан.

Альфия кәсіби біліктілік танытып, қаражатын қайтаруға көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Сондай-ақ азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Айта кетейік, Жетісуда 21 жастағы азаматтан 111 орам есірткі тәркіленді.