«Жез киік» байқауының жеңімпазы бір жарым ғасырлық ғұмыры бар Ықыластың қылқобызында ойнау мәртебесіне ие болады

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақтың жанын тербеген қылқобызды орындаушылар Таразда тоғысты. Астана, Алматы, Қызылорда, Қарағанды және Жамбыл өнерпаздары Ықылас Дүкенұлы атындағы II республикалық «Жез киік» қылқобызшылар байқауында бақ сынауда
Алғаш рет 2008 жылы өткен бұл сайыс 4 жылдан кейін қайта жаңғырып отыр. Мақсат - жас қылқобызшылардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, кенже қалған өнерді жаңғырту, дейді ұйымдастырушылар.
Қылқобыздан төгілген күйлерде халықтың сыры, мұңы мен қуанышы айқын суреттеледі. «Жез киік» байқауына қатысып жатқан 13 өнерпаз өз шеберліктерін көрсетті. Ал, бас жүлде иегері аты аңызға айналған хас шебер Ықылас Дүкенұлының бір жарым ғасырлық ғұмыры бар қылқобызында ойнау мәртебесіне ие болады, деп хабарлайды BAQ.kz.