10:34, 23 Тамыз 2017 | GMT +5
Жездесінің көлігін ұрлап кеткен жігіт ұсталды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы полициясы көлік ұрлаған адамды ұсталды. 21 жастағы жігіт жездесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицияға Медеу ауданының тұрғынынан Тойота Камри көлігінің жоғалғаны туралы өтініш түскен.
Қалада жедел ұстау жоспары жарияланды. Буран 127 экипажы Орталық стадион маңында күдікті көлікті тоқтатады.
Көлік тізгінінде 21 жастағы Ақтау қаласының тумасы болып шықты. Жігіт көлік кілтін рұқсатсыз алып, қалада жолаушы тасымалдаған. Көліктің артында отырған бойжеткен машинаны жын ұрғандай айдаған жігіттен қатты қорыққанын жеткізді
Қазір күдікті Медеу аудандық ІІБ жеткізілді.